Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбектің келесі қарсыласы белгілі болды

08.11.2023, 17:36

Соңғы жекпе-жегін ол нокаутпен жеңген

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбектің келесі қарсыласы белгілі болды
prosports.kz

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Сұлтан Зауырбектің келесі қарсыласы белгілі болды. BoxRec мәліметіне сәйкес, отандасымыз аргентиналық Серхио Мартин Сосамен қолғап түйістіреді. 

Кездесу 10 қараша күні Брайтонда өтеді. Айта кетейік, аталған жекпе-жекте жерлесіміз WBO European чемпиондық белбеуі үшін күреседі. 

Сұлтан Зауырбек соңғы жекпе-жегін испан боксшысы Джон Картерге қарсы өткзген болатын. Ол кезде Сұлтан үшінші раундта қарсыласын ұрып құлатты.

Қарашада өтетін бокс кешіне жерлесіміз Эдинбург қаласында дайындалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам