Бұған дейін ол Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырған
Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық титулдарының иесі Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін кіммен өткізгісі келетінін айтты.
Boxing Studs Noticias мәліметінше, неміс Винченцо Гуальтьериді жеңіп, екі белбеуді біріктіргеннен кейін, Жәнібек өз промоутерінен келесі жекпе-жекке кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 KO) сұраған. Ол болмаған жағдайда доминикалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 KO) жұдырықтасқысы келетінін айтқан.
40 жастағы Лара қазір WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы. Ал, 29 жастағы Адаместе WBC уақытша чемпионы деген атағы бар.
Еске салайық, бұған дейін қазақ боксшысы алғашқы орта салмақта негізгі төрт белбеуді біріктіріп, абсолютті чемпион болуды мақсат тұтатынын айтқан болатын.