Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Боксты Кеңес Рақышев дамытып жатқан жоқ, ақшаны мемлекет беріп жатыр – журналист

01.12.2023, 17:26

Жылына Бокс федерациясына 1 млн долларға жуық қаражан бөлінген

Отандық әуесқой боксты негізінен олигарх Кеңес Рақышев емес, мемлекет қаржыландырады дейді белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов. Мұндай пікірін ол «Бірінші бол» YouTube-жобасында айтқан.

Айта кетейік, Кеңес Рақышев – белгілі кәсіпкер, Қазақстан бокс федерациясының президенті, Қазақстандағы ең бай адамдардың тізіміне енеді.

«Бокс федерациясы Кеңес Рақышевті қатты жарнамалайды. Әсіресе айналасындағы адамдар. Мен таяуда ресми ақпарат алдым. Егер қате болса федерация расын айтсын. Бокс федерациясы мемлекеттен биылғы қазан айына дейін 431 млн теңге алыпты. Былтыр да үлкен сома бөлінді. Яғни, федерация мемлекеттен отандық боксқа ақша алып отыр. Біз «Кеңес Рақышев дамытып жатыр, құйып жатыр» деп ойлаймыз. Оқу-жаттығу жиындары, боксшылардың негізгі айлықтары, жарысқа баратын жол шығындары мемлекеттің тікелей мойнында. Ол біреуге көлік, пәтер бере ме – ол жеке пиары ғана деп ойлаймын. Дәл солай теннисте, футболда да ұқсас жағдай болып жатыр. Ақпараттандыру кезінде осының бәрін дұрыстап айтуы керек», - деді Аслан Қаженов.

Биыл бокстан әлем чемпионатынан кейін Кеңес Рақышев боксшыларға қомақты ақшалай сыйақы табыстап, жеңімпаз атанған боксшылардың анасына да 1 млн теңгеден берген еді. Сондай-ақ, федерация президенті Азия ойындарында төрешілер тарапынан әділетсіздікке тап болған Асланбек Шымбергенова көлік сыйлайтын айтқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам