Ол өзінің белбеуін қорғап қалды
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (17-1, 8 КО) Түркияда өзінің WBA Inter-Continental чемпиондық белбеуінің қорғады. Оның қарсыласы өзбек боксшысы Мирзамухаммад Хикматуллаев (9-5, 6 КО) болды.
Айта кету керек, өзбекстандық боксшы бір иығын жарақаттап алды. Алайда, оның бапкерлері жекпе-жекті тоқтатпауды ұйғарған.
Бірінші раундтың соңында жарақаты асқынған Мирзамухаммад бапкерінен төбелесті аяқтауды сұрағанымен, жаттықтырушылар командасы оның сұрауына мән берген жоқ. Ал, екінші раундта жағдайдың ушығып жатқанына көздері жетсе керек, рингке олар ақ шүберек лақтырды. Бір қызығы, рефери бұл белгіге назар аудармай, екінші раундты соңына дейін ойнатты. Тек солан кейін ғана Хикматуллаевқа техникалық нокаут жазылды.
Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев 2023 жылы үш жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті.