ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Бекет Махмұтовтан америкалықтар да қорқатын. Головкин туралы айта алмаймын – Василий Жиров

18.10.2024, 11:48

Олимпиададағы төрешілерді «сатып алуға» бола ма?

Бекет Махмұтовтан америкалықтар да қорқатын. Головкин туралы айта алмаймын – Василий Жиров
1bol.kz

Тәуесіз Қазақстан тарихындағы бокстан алғашқы Олимпиада чемпионы Василий Жиров ҰОК басшылары болған Бекет Махмұтов пен Геннадий Головкинді салыстырды. «Время» басылымына сұхбат берген даңқты боксшы Олимпиада ойындарындағы төрешілерді «сатып алу» мәселесін де айтып өткен.

- Сіздің ойыңызша, қазақ боксына кезіндегі Бекет Махмұтов секілді көшбасшы керек емес пе? Рингтің сыртында мәселе шешетін… Біздің олимпиададағы сәтсіздіктер осындай лидердің жоқтығынан сияқты…

- Дұрыс айтасыз. Ол кісіден бәрі қорқатын, тіпті америкалықтардың өзі. Ол ағылшынша жақсы сөйлейтін. Көзқарасымен-ақ бәрін аяққа тік тұрғызатын еді. Бәрі оның үлкен күш екенін түсінетін. Адамдармен жұмыс істей алды.

- Геннадий Головкин де халықаралық дәрежеде беделі бар тұлға. Ол да Бекет аға сияқты «салмаққа» ие бола ала ма?

- Мен ол туралы айта алмаймын. Өйткені, Головкинді жақсы танымаймын. Әйтеуір жақсы жігіт, жақсы жұмыс істеп жатыр.

- Судьялармен жұмыс істеу үшін ақша керек пе?

- Әрине. Біздің заманда бәрін ақша шешеді ғой. Біреуді сатып алу үшін болмаса да, жай ғана шайға шақырып сөйлесу үшін де ақша керек. Оңаша отырып сөйлескеннен кейін адам саған жақындай бастайды, кейін сыртыңнан иттік істеп, жеңісті тартып алмайды. Қазір солай болып жатыр.

Еске салайық, Париж Олимпиадасында қазақ боксшылары сәтсіз өнер көрсетіп, бүкіл команда тек бір күміс медальмен (Нұрбек Оралбай, 80кг) елге оралды. Бокс сарапшыларының жартысы жігіттердің дайындығы төмен болғанын айтса, өзгелері төрешілер жеңісімізді ұрлады деген пікірін айтты.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам