ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Головкинді жаттықтырған бапкерлер Қазақстанға келді

18.10.2024, 12:12

Камачо Головкиннен бөлек отандық бірқатар боксшымен жұмыс істеген

Головкинді жаттықтырған бапкерлер Қазақстанға келді
әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы, қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкиннің физикалық даярлығына көмектескен мамандар Кристофер мен Дарио Камачолар Қазақстанға келді.

Америкалық білікті мамандар Алматы тауларында жүрген суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Одан қалды Геннадийдың егізі Максиммен де кездесіп үлгерген.

Спорт комментаторы Уәлихан Қосанбайдың айтуынша, олар бұдан былай бокстан Қазақстан құрамасының физикалық дайындығына жауапты.

Камачо Головкиннен бөлек отандық бірқатар боксшымен жұмыс істеген. Олардың қатарында Али Ахмедов, Садриддин Ахмедов секілді саңлақтарымыз бар.

Сонымен қатар UFC спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд пен Брэндон Адамс секілді мықтыларға көмектескен.

Естеріңізде болса, Париж олимпиадасынан кейін бокстан ұлттық құраманың бапкерлер штабында түбегейлі өзгеріс болып, енді көмекке АҚШ пен Кубадан мамандар шақыртылатыны айтылған. Ал федерация президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов жаттығу процесінде жаңа көзқарастың қажет екендігін алға тартып еді.

«Шетелдік білікті мамандардың көмегі міндетті түрде тиеді. Бапкерлер бір орында тұрып қалды. Басқа көзқарас, көптеген өзгеріс қажет. Қарағанды, Қостанай мектептері қайда кетті? Талай саңлақты тәрбиелеп шығарған өңірлерден қазір неге боксшы жоқ? «Сырт көз сыншы» дейді. Бас бапкерге сырттан келген мамандардың кеңесі қажет болады», - деген Еділов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам