Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Обал болды»: Жанқош Тұраровтың әйелі Дмитрий Биволға қолдау көрсетті

17.10.2024, 15:14

Басы дауға қалған боксшының әйелі Бивол отбасына қатысты пікір білдірді

«Обал болды»: Жанқош Тұраровтың әйелі Дмитрий Биволға қолдау көрсетті
instagram.com/klarita_os

Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса Дмитрий Бивол мен Екатерина Биволға қатысты пікір білдірді. Боксшының әйелі өз өмірінде де мәселелер бар екенін атап өткен.

«Бивол туралы сұрай бермеңіздерші. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз. Идеал адам болмайды ғой. Менің ойымша, Катяға обал деп емес, Димаға обал болды деген дұрыс шығар. Себебі, ол бәрін жоғалтты. Отбасын, балаларын, әйелін, титулдарын. Ал Катя аяққа тұрып кетеді, ин ша Алла», - деп жазды Клара Иса.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы Дмитрий Биволға бұрынғы әйелі талап қойды. Ол екі баласына пәтер алып беруді сұраған.

Ал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен Әнару Қалдыбек арыз жазып, жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам