Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бокстан Өзбекстан чемпионатында этникалық екі қазақ жартылай финалға шықты

25.01.2025, 10:32

Тағы бір қандасымыз жарысты ширек финалдан аяқтады

Бокстан Өзбекстан чемпионатында этникалық екі қазақ жартылай финалға шықты
IBA

Бокстан Өзбекстан чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Аталған жарысқа ұлты қазақ 15 боксшының қатысып жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Олардың екеуі жартылай финалға шығып үлгерді.

Атап айтқанда, 54 келідегі Сабыржан Тастанов 1/4 финалда өзбек Аббдумутал Хабибуллаевты жеңіп (3:2) чемпиондыққа бір табан жақындады. Ал, 60 келідегі Мадияр Данияров Нурбек Кодировты 5:0 есебімен айқын жеңді.

Ал, 67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ғанибек Мұратқасымов болса ширек финалдан ары аса алмады. Ол Бобурбек Бободжановтан таза жеңілді (0:5).

Өзбекстан чемпионатында бағын сынап жатқан қазақтардың арасында ұлттық құрама мүшелері Мадияр Сайдрахимов пен Руслан Абдуллаев та бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам