
Саят Ілиясов пен Арман Маханов есімді екі этникалық қазақ боксшысы тізімге енген
24 ақпан күні Болгарияда «Странджа» халықаралық турнирі басталады. Осы жарыста Қазақстан боксшыларының басты қарсыластарының бірі саналатын Өзбекстан да бірнеше үздік боксшысын апара жатыр.
Атап айтсақ, Өзбекстан сапында үш бірдей Олимпиада чемпионы бар. Олар: Хасанбой Дусматов, Асадходжа Муйдинходжаев және Абдумалик Халоков. Сондай-ақ Саят Ілиясов пен Арман Маханов есімді екі этникалық қазақ боксшысы тізімге енген.
«Странджа» кубогына қатысатын Өзбекстан құрамасы:
48 келі: Бехруз Холдоров
51 келі: Асылбек Джалилов
54 келі: Хасанбой Дусматов, Шахзод Музаффаров
57 келі: Хужаназар Нуртожиев
60 келі: Абдумалик Халоков, Самандар Олимов 63,5 кг: Саят Ильясов 67 кг: Асадходжа Муйдинходжаев
75 келі: Джавахир Умматалиев
80 келі: Фазлиддин Еркинбоев, Нурислом Исмаилов
86 келі: Акмалжон Исроилов
92 келі: Турабек Хабибуллаев
+92 кг: Арман Маханов, Джахонгир Закиров, Абдурахмон Рустамов.