Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтың королі»: америкалық инсайдер ағынан жарылды

Бүгін, 01:21

Оның пікірінше, Жәнібек келесі чемпиондық титулды Адаместен тартып алуы керек

«Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтың королі»: америкалық инсайдер ағынан жарылды
Top Rank

Бокс әлеміндегі танымал агент және инсайдер – америкалық Рик Глейзер орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына кіммен жұдырықтасу керек екенін айтты.

Оның пікірінше, қазақ боксшысы дәл қазір орта салмақтың королі. Оны бұл дивизионда жеңе алатын боксшы жоқ көрінеді.

«Адамес пен Шираздың жекпе-жегінен кейін орта салмақтың королі деп Әлімханұлын айта аламыз ба? Әрине, айта аламыз. Нағыз король. Оған жаңа белбеу үшін Ларамен емес, Адамеспен жекпе-жек өткізу керек. Ширазды да сызып тастауға болмайды, ол келер жолы міндетті түрде чемпиондық титулын алады», - деді Глейзер Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Карлос Адамес (24-1-1) пен Хамза Шираз (20-0-1) арасындағы жекпе-жек 23 ақпанда өтіп, тең аяқталды. Адамес өзінің чемпиондық белбеуін сақтап қалса, Шираз рекордындағы нөл статистикасын бұзбады.

Жәнібек Әлімханұлы болса қос титулын 5 ақпанда Астанада қорғайды. Бұл жолғы оның қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенге болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам