Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Асланбек Шымбергеновке ақтөбеліктер ат мінгізді

Бүгін, 11:59

Тараздық боксшы 2023 жылы Ташкенттегі әлем чемпионатында топ жарған

Асланбек Шымбергеновке ақтөбеліктер ат мінгізді
ҰОК

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке Ақтөбе облысындағы жасөспірімдер турнирі кезінде жергілікті азаматтар ат мінгізді.

Шалқар қаласында Мөңке бидің туғанына 350 жыл толуына орай 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде ұлттық құраманың бұрынғы мүшесіне құрмет көрсетілген.

Салтанатты ашылу рәсімінде боксшыға сөз беріліп, кейін ұйымдастырушылар шапан жауып, ат мінгізгенін хабарлаған.

Асланбек Шымбергенов 71 келіде Париж олимпиадасына қатысқан болатын. Алғашқы айналымда Иордания боксшысына есе жіберген ол кейін құрама қатарына қосылған жоқ. Бас бапкер Қайрат Сәтжанов әлем чемпионына қатысты жоспарын айтып, алда ірі жарыстарға қатыстыруды көздемейтінін айтқан еді.

Тараздық боксшы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарса, сол жылы Қытайда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам