
Ол ауыр дертке шалдыққан
Америкалық кәсіпқой боксшы USBA, NABA және WBC Continental Americas нұсқалары бойынша бұрынғы чемпион Карсон Джонс 38 жасында қайтыс болды.
Джонсқа бұған дейін тамақтағы ахалазия диагнозы қайылған. Осыған байланысты жасалған операциядан кейін оның денсаулығы күрт сыр беріп, ауруы асқынып кеткен. Көп ұзамай экс-боксшы көз жұмды.
Джонс кәсіпқой бокс мансабында 65 жекпе-жек өткізіп, 44 рет жеңіске жетіп, оның 32-сін нокаутпен аяқтаған. Соңғы рет ол 2023 жылы Джеймс Уорренді екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Карсон Джонс әлемдегі үздік боксшылардың дайындығына жиі шақырылған беделді боксшы болған. Кезінде үздік боксшылармен, соның ішінде қазақстандық Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Альварес және америкалық Теренс Кроуфордпен бірге спаррингтік жаттығулар өткізген боксшы.