Қырғыздар Бішкекке келген Биволды төбесіне көтеріп, құрмет көрсетті (ВИДЕО)

23.03.2025, 09:09

Ақпан айында ол өзге ресейлік боксшы Артур Бетербиевті жеңген болатын

Қырғыздар Бішкекке келген Биволды төбесіне көтеріп, құрмет көрсетті (ВИДЕО)
Фото әлеуметтік желіден

Кәсіпқой бокстан бірінші ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол туған жері Қырғызстанға келіп, ыстық ықыласқа бөленді.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда Бишкектегі салтанатты қарсы алу рәсімінде чемпионға ұлттық шапан жабылып, басына қалпақ кигізілгені және қолына қамшы ұстатқаны анық көрінеді.

Қырғыз халқының қонақжайлығын сезінген Бивол көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.

Дмитрий Бивол 1990 жылы Қырғызстанның Тоқмақ қаласында дүниеге келген. Ол жасөспірім шағында ата-анасымен бірге Ресейге қоныс аударып, сол елдің атынан өнер көрсетті. Бивол әуесқой бокстан 75, 81 келіде РФ атынан бірқатар халықаралық жарыстарда топ жарған. Спортшы 2013 жылы Қазанда өткен Универсиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ден қойды.

Ақпан айында Бивол ресейлік Артур Бетербиевпен қарымта матч өткізіп, жеңіске жетті. Осылайша ол әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам