
Аталған бокс кешінде Қазақстанның ең үздік кәсіпқой боксшылары өнер көрсетеді
5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсететін Балауса Мұздыманның (6-0, 5 КО) қарсыласы ауысты. Бұған дейін қазақстандық боксшы қыздың америкалық Розалинда Родригеспен (14-0, 3 КО) жұдырықтасатыны хабарланған еді.
Бокс кешін ұйымдастырушылар Родригестің орнына Филиппиннен Мария Тереза Пинили есімді боксшы қызды әкеле жатыр. Ол осыған дейін өз елінің шекарасынан шығып жұдырықтасып көрмеген. Десе де, қоржынында 7 жеңіс бар (екеуі нокаутпен).
Айта кетейік, бокс кешінің басты жекпе-жегі WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анауэля Нгамиссенге арасында өтеді.