
Биыл әлем кубогі үш кезең бойынша өтеді
30 наурызда Бразилияда бокстан ерлер арасында әлем кубогі жалауын көтереді. Жарысты World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр. Қазақстанның бокс федерациясы оған қатысатын боксшылардың тізімін жариялады.
Әлем кубогіне Қазақстан сегіз боксшы жіберуді жоспарлап отыр. Олар:
Еске салайық, World Boxing ұйымы биылғы әлем кубогін үш кезең бойынша өткізеді. Оның алғашқысы 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді. Екіншісі – Қазақстанда (30 маусым – 7 шілде). Ал, үшіншісі 21-27 шілде аралығына жоспарланған, өтетін орны әлі белгісіз.
Қазақстан құрамасының бірінші және екінші номерлі боксшылары Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанды. Бұл шараға Ресей, Өзбекстан және Беларусь боксшылары да келеді.