Анита Әдішова бокстан Әлем кубогіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

Әлем кубогін биыл алғаш рет World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Бразилияда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде қазақстандық қыздар құрамасының мүшесі Анита Әдішева (54 кг) алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

19 жастағы Анита Әдішова бірінші айналымда Польша елінің өкілі Виктория Рогалинскамен жұдырықтасқан болатын. Үш раундтың қортындысы бойынша 5:0 есебімен поляк қызы жеңіске жетті. Ал, Әдішева үшін жарыс аяқталды.

Бұған дейін Анита Әдішова Сербияда өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатына да қатысқан болатын. Отандасымыз ол кезде де 1/16 финалда мексикалық Жасмин Эсмиральдо Хуарес Патиноға 3:2 есебімен есе жіберген.

Еске салайық, бүгін Қазақстанның ерлер құрамасынан алғаш болып жарыс болына шыққан Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) бразилиялық Михаэль Тринданы 4:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам