
Ол қазір WBA рейтингінде екінші сатыда тұр
Филиппиндік Philboxing.com сайты әлемдік бокс оқиғаларына шолу жасап, қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбектің оңтүстікафрикалық Азинга Фузилемен кездескен жеңісіне баға беріп, 2025 жылдың екінші жартысында әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтетініне болжам жасады.
«Сұлтан Заурбек WBA рейтингінде 2 және IBF рейтингінде 5-орында тұр. Сондықтан екінші жартыжылдықта титулдық жекпе-жек өтуі әбден мүмкін екен», - деп мәлімдеді Philboxing.com сайты.
Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) Астанада өткен«Battle of the brave» бокс кешінде Оңтүстік Африка боксшысы Азинга Фузилемен (18-3, 12 KO) жекпе-жек өткізіп, 10 раунд бойы жұдырықтасып шыққан. Төрешілердің шешімімен 98-92, 98-92 және 97-93 ұпайымен Сұлтан жеңіске жеткен.