Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Жәнібек Әлімханұлының стиліне «қауіп төніп тұр»

Бүгін, 12:19

Қазақстандық боксшы жуырда бапкерін ауыстырған болатын

Жәнібек Әлімханұлының стиліне «қауіп төніп тұр»
Nomad Promotions

Александр Гвоздик, Эгидиюс Каваляускас секілді боксшыларды жаттықтырған мексикалық маман Марко Контрерас енді қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының дайындығына жауап береді. Бірақ IBF/WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының бұл таңдауы кейбір бокс мамандарына түсініксіз болып тұр.

Мысалы, «Лаборатория бокса» Youtube-каналы боксшының жаттықтырушы ауыстыруына қатысты пікір білдірген.

«Жәнібекте «Бадди» Макгирт есімді жақсы бапкер болды. Бірақ одан кетіп қалды, енді мексикалық бокс мектебінің өкілімен жаттығып жүр. Бұл жақсы ма, жаман ба? Біз жаңа жаттықтырушысын танымаймыз. Мексикалық бапкерлер әр түрлі келеді. Сырттай қарасаң, бұл қауіпті секілді. Өйткені Жәнібектің артықшылығы соққысының күшінде емес. Оның стилі Геннадий Головкинге келе қоймайды. Әлімханұлы боксы мүлдем бөлек. Шаршы алаңда сезімталдығымен ерекшеленеді. Қарсыласты өзіңе қарай тартып, жылдамдығын пайдалануды жақсы көреді. Бұл Жәнібектің қолынан келеді. Бұрынғы бапкерімен осы жағын жетілдіретін. Ал мексикалық бапкер жақын қашықтықта ауыр соққылармен жұмыс істегенді жақсы көреді», - дейді автор.

Еске салайық, Жәнібек соңғы жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада франциялық боксшыға қарсы өткізіп, бесінші равндта нокаутпен жеңіске жетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам