
Рай Сейтжанов алғаш рет Ұлыбританияда жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой боксшы Рай Сейтжанов (11 жеңіс, 1 жеңіліс, 7 нокаут) 25 мамыр күні Ұлыбританияның Лондон қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді.
BoxRec.com порталының мәліметінше, Сейтжановтың қарсыласы – 33 жастағы румыниялық тәжірибелі боксшы Октавиан Грати (8 жеңіс, 82 жеңіліс, 4 тең ойын, 4 нокаут). Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және жартылай орта салмақта өтеді.
Рай Сейтжанов соңғы рет 2024 жылғы 13 желтоқсанда Ресейдің Мәскеу қаласында рингке шыққан болатын. Ол сол кездесуде ресейлік Вадим Мусаевты (12-0, 8 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген.
Ал Октавиан Грати 3 мамыр күні Германияның Хильдесхайм қаласында украиналық текті, Германияда тұратын Эльдар Багировпен (2-0, 1 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалды.