Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде қазақ-өзбек айқасы болады

19.05.2025, 17:24

Спорт мамандары өзбек боксшысының әлсіз екенін айтуда

Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде қазақ-өзбек айқасы болады
instagram.com/tabynbayevvv/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Елхан Табынбаев (8-1, 6 КО) Алматы қаласында өтетін All Stars Boxing турнирінде өнер көрсетеді. Ол соңғы рет 2023 жылы рингке шыққан болатын.

Оның қарсыласы – Өзбекстан елінің өкілі Джурабой Зокиров (1-7, 0 КО). Өзбек боксшысы кәсіпқой бокс мансабында небәрі бір-ақ рет жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген екен. Соған қарамастан Елханды жеңемін деген ниетпен Алматыға келе жатыр.

Зокиров соңғы жекпе-жегін былтыр ақпан айында өз отандасы Шукрулла Вохидовке (7-1, 5 КО) қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, аталған бокс кешінде Балауса Мұздыман мысырлық Айя Рамаданға қарсы жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам