ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Усиктің промоутері Жәнібек Әлімханұлының басты проблемасын атады

19.05.2025, 17:57

Александр Красюк Әлімханұлының промоутерін сынап тастады

Усиктің промоутері Жәнібек Әлімханұлының басты проблемасын атады
Getty Images

Александр Усиктің промоутері Александр Красюк қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бізде мықты боксшылар көп, бірақ бұл олардың жақсы табыс табатынын білдірмейді. Нағыз жұлдыздар ғана шын мәніндегі қаржыға қол жеткізеді. Бахрам да, Жәнібек те өз салмақтарындағы үздік боксшылардың бірі екені сөзсіз. Бірақ оларға жеткілікті назар аударылып жатқан жоқ. Сол себепті олардың промоутерлері, тіпті дәл қазірдің өзінде, оларды танымал ету үшін белсенді жұмыс істеуі керек», – деді Красюк The Ring басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының командасы WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған. Үш бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынатын бұл жекпе-жек биылғы тамызда өтуі мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам