
Желі қолданушылары Головкиннің қарапайымдылығына жоғары баға берді
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің көшеде кетіп бара жатқан жасөспірімдермен естелікке суретке түсті.
Қызметтік көлігінде отырған Головкин көлік терезесінен сырттағы балалардың біріне «Кепканы қайдан алдың?» деп әзілдей дауыстайды. Баланың басындағы кепкада аты аңызға айналған боксшының жеке логотипі – «GGG» белгісі бейнеленген. Кәсіпқой боксшыны таныған балалар бірден көлікке жақындап, сүйікті спортшысымен амандасады.
Головкин көліктен түсіп, балалармен ашық әрі шынайы түрде естелік суретке түсіп, жанкүйерлерін ерекше қуантты. Видеоны көрген желі қолданушылары Головкиннің қарапайымдылығы мен адамгершілігіне жоғары баға беріп жатыр.