
Әлімханұлы орта салмақта төрт белбеудің бәрін жинап, абсолютті әлем чемпионы болуды мақсат етеді
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы доминикалық Карлос Адамес (24-1-1, 18КО) пен осы белбеуден үмітті Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11КО) биыл жазда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұған дейін қазақ боксшысы «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкастта екі тарап келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан болатын.
Адамеспен қазақтың өзге боксшысы Жәнібек Әлімханұлы да жұдырықтасуға үмітті. WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы доминикалық боксшының белбеуін тартып алу үшін екі жылдан бері оны жекпе-жекке шақырып келеді. Ал, The Ring журналының жазуынша, екі чемпион арасындағы айқас ерте болған күннің өзінде биыл жыл соңына жоспарлануы мүмкін.
«Адамеске Жәнібекпен жекпе-жекке шығуы үшін алдымен оның отандасы Мейірім Нұрсұлтановты жеңіп алуы керек. Мейірім WBC белбеуіне міндетті үміткер. Екі тарап қазір келіссөздер жүргізіп жатыр және биыл жазда кездесу өткізуге келісетін секілді», - деп жазылған The Ring журналында жазылған мақалада.
Айта кету керек, егер Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адаместі жеңіп, оның белбеуін тартып алса, онда ол Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуі мүмкін.