Майк Тайсонды жеңген танымал блогер тағы бір экс-чемпионды тізе бүктірді

29.06.2025, 11:11

Мансабын блогер болып бастаған Джейк бүгінде әйгілі боксшылардың қатарына қосылып келеді

Майк Тайсонды жеңген танымал блогер тағы бір экс-чемпионды тізе бүктірді
Cris Esqueda/Golden Boy/Getty Images

АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде танымал блогер әрі боксшы Джейк Пол (12-1, 7 КО) әлемнің экс-чемпионы кіші Хулио Сезар Чавеспен (54-7-1, 34 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Жекпе-жек алғашқы ауыр салмақта өтіп, 10 раундқа жалғасты. Нәтижесіеде төрешілердің бір ауыз шешімімен, яғни 97-93, 98-92, 99-91 есебімен Джейк Пол басым болды.

39 жастағы мексикалық боксшы қартайғанына қарамастан рингте тың қозғалды. Дегенмен, Джейктің соққыларын жиі өткізіп, бабында емес екенін аңғартты.

Кіші Хулио Сезар Чавес орта салмақта WBC чемпионы болған (2011-2012). Оның әкесі де кәсіпқой бокс әлеміндегі аңыздардың бірі. Ол үш бірдей салмақта әлем чемпионы атанып, 1990-1993 жылдар аралығында дүниежүзілік рейтингтің көшін бастаған.

Джейк Пол болса былтыр әйгілі Майк Тайсонмен жұдырықтасып, сегіз раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам