
Кәсіпқой бокстан IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамеске ескерту жасады.
«Менің жұдырығым оның жүзімен кездескелі біраз уақыт өтті. Ал оның жүзі соңғы уақытта менің жұдырығымды өзі іздеп тұрғандай», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі X парақшасында.
Спортшы Адамеспен өткен спаррингтен фотосуретті қоса жариялады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып табылады. Ол соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізген. Сол кеште француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп шықты.