Қазақ боксшысынан оңбай таяқ жеген кубалық АҚШ-тағы турнирде ұтылып қалды

29.06.2025, 19:09

Төрешілердің шешімі: 115-112, 117-110 және 115-112.

Қазақ боксшысынан оңбай таяқ жеген кубалық АҚШ-тағы турнирде ұтылып қалды
fight.ru

2005 жылы Мәскеуде өткен Әлем кубогында қазақстандық Ердос Жаңабергеновке жол берген кубалық Юниэль Дортикос (27-3, 25 КО) WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирестен (48-1, 30 КО) жеңілді.

Хильберто Рамирес пен Юниэль Дортикос арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Анахайм қаласында өтті.

Дегенмен бұл айқаста Рамиресті де мықты болды деп айта алмайсың, кездесудің екінші жартысында чемпиондық атаққа үміткер Дортикос кәдімгідей шаршап қалды. Ал бұл жайтты мексикалық боксшы тиімді пайдаланып кетті.

Төрешілердің шешімі: 115-112, 117-110 және 115-112.

Айта кетейік, Юниэль Дортикос. 1986 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой бокста 2009 жылдан бері жүр. Осыған дейін 30 жекпе-жек өткізіп, 27-сінде жеңіске жеткен. IBF чемпиондық белдігіне (2019–2020) иелік еткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам