Бокстан әлем кубогының жеребесі тартылды

29.06.2025, 21:57

70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды.

Бокстан әлем кубогының жеребесі тартылды
ҰОК

Астанада өтетін бокстан әлем кубогының жеребесі тартылды.

Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогының кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Ерлер арасындағы жекпе-жек жұптары:

Санжар Тәшкенбай (50 кг) – Шодай Кото (Жапония);

Махмұд Сабырхан (55 кг) – Шин Джиён (Оңтүстік Корея);.

Серік Теміржанов (60 кг) – Джейкоб Кассар (Аустралия);

Қарсыласы - 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Ертуған Зейнуллинов (65 кг) – Ахмед Пеккель (Түркия);

Абылайхан Жүсіпов (70 кг) – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан);

Қарсыласы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалисі.

Сабыржан Аққалықов (75 кг) – Джошуа Офори (Канада);

Нұрбек Оралбай (80 кг) – Мұрад Аллахвердиев (Әзербайжан);

Екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалында жолыққан.

Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) – Лачлан Лоусон (Аустралия);

Сағындық Тоғамбай (90 кг) – Азиз Аббес Мухийдин (Италия) – Малачи Джорджс (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі;

Азиз Аббес Мухийдин  - әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері.

Айбек Оралбай (+90 кг) – Августин Трисет (Доминикан Республикасы).

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін ірі доданың ертеңгі сессиясында ерлерден 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам