
Қарсыласы 2024 жылы Азия чемпионы болған.
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының екінші жарыс күнінде тағы бір қазақстандық жеңіліс тапты.
Атап айтсақ 54 келіде сынға түскен Әнел Сақыш өзбекстандық Феруза Казаковадан төрешілер шешімімен жеңілді. Қарсыласы 2024 жылы Азия чемпионы болған.
Еске салсақ, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын. Ал Назым Қызайбай (48 келіге дейін) мен Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі) ширек финалға өткен еді.
Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогында 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды.Бұл қатысушылар саны бойынша өзіндік рекорд саналады. Себебі Бразилиядағы турнирге 19, Польшадағы бәсекеге 24 елден боксшылар қатысқан болатын. Сондай-ақ 8 мемлекет Әлем кубогына алғаш рет қатысып жатыр.