ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Нұрбек Оралбай әзербайжандық қарсыласын екінші рет жеңді

01.07.2025, 16:48

Екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалында жолыққан.

Нұрбек Оралбай әзербайжандық қарсыласын екінші рет жеңді
бокс федерациясы

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында 2024 жылғы Париж Олимпиадасың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақта әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Нұрбек Оралбай айқын басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалында жолыққан. Қарсыласы -  2023 жылғы Еуропа ойындарының қола  жүлдегері.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.

Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам