ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Махмұд Сабырхан болгариялық боксшыны жеңіп, финалға өтті

05.07.2025, 20:25

Боксшы Әлем кубогының алтын медалі үшін күреседі

Махмұд Сабырхан болгариялық боксшыны жеңіп, финалға өтті
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Еуропа чемпионатының жүлдегері болгариялық Ясен Радевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Махмұд Сабырхан жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам