ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске іздеу салды

05.07.2025, 21:02

Әлімханұлы Адаместың келісімшартқа қол қоймайтынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске іздеу салды
fightnews.info

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместың келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеді.

«Көрдіңіздер ме? Ол ғайып болды! Әдетте Twitter-де өте белсенді еді, енді мүлде үнсіз қалды. Неге екенін мен білемін – ол не айтарын білмейді. Өйткені, алдында келісімшарт жатыр. Бірақ ол оған қол қоймайды», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібектің менеджері Эгис Климас (әлемге әйгілі украиналық Василий Ломаченконың да менеджері – авт.) бұл жолы тікелей және батыл үндеу жасады. Ол өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында Адаместі ашық айқасқа шақырып, әйгілі промоутер Турки Әл-аш Шейхке де үндеу тастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам