
Финалға қазақстандық он екі боксшы жолдама алды.
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында финалға қанша елдің боксшылары шыққаны белгілі болды.
Финалға қазақстандық он екі боксшы жолдама алды. Оның ішінде 6-уы ерлер, 6-уы әйелдер құрамасының тиесілі.
Сондай-ақ финалда Үндістан - 8, Бразилия - 6, Түркия мен Аустралия - 2, Филиппин, Франция, Моңғолия, АҚШ, Финляндия, Норвегия, Жапония, Болгария, Германия, Өзбекстан - 1 боксшына сенім артады.
Күндізгі сессия. 14:00
1-жұп. 48 келі
(Үндістан) Минакши Минакши – (Қазақстан) Назым Қызайбай
2-жұп. 55 келі
Руи Ямагучи (2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жапония) – Махмұд Сабырхан (Қазақстан);
3-жұп. 80 келі
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Иожерлин Сезар (Бразилиядағы әлем кубогының қола жүлдегері, Франция);
4-жұп. 85 келі
Жугно Жугно (Үндістан) – Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан);
6-жұп. 60 келі
Виктория Графеева (Қазақстан) – Ребека Де Лима Сантос (2024 жылғы әлем кубогының финалисі, Бразилия);
7-жұп. 70 келі
Наталья Богданова (Қазақстан) – Лекейша Перголити (Жаңа Зеландия);
9-жұп. 50 келі
Джей Бриан Барикуатро (22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының қола жүлдегері, (Филиппин) – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан);
Кешкі сессия. 19:00
3-жұп. 51 келі
Пихла Кайво-Ожа (Париж Олимпиадасының ширек финалисі, Финляндия) – Алуа Балқыбекова (Қазақстан);
6-жұп. 75 келі
Суннива Хуфстад (2022 жылғы жастар арасында әлем чемпионы, Норвегия) – Надежда Рябец (Қазақстан);
7-жұп. +80 келі
Елдана Тәліпова (Қазақстан) – Нупур Нупур (Үндістан);
9-жұп. 75 келі
Рами Киван (2024 жылғы Еуропа чемпионы, Болгария) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан);
10-жұп. +90 келі
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Никита Путилов (22 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы, Германия).
Бокстан әлем кубогының финалы 6 шілдеде елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында сағат 14:00 және 19:00-де өтеді.