
Балаусаның соңғы жекпе-жегі 7 маусымда Алматы қаласында өтті
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман АҚШ-та түскен фотосуреттерін жариялады.
Былғары қолғап шебері командасымен бірге мұхит асқан. Қазіргі таңда Қазақстанның ең көрікті боксшыларының бірі Нью-Йорк қаласында жүр және мегаполистен фотосуреттерді өзінің желідегі парақшасында жариялады. Суреттерге қарағанда, бұл сапар туристік мақсатты көздеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби қызығушылықпен де байланысты секілді. Себебі суреттердің бірінен оның бокс жекпе-жегін тамашалап отырғанын байқауға болады.
Бұған дейін Мұздыман АҚШ-та біраз уақыт өмір сүріп, өзінің бокс мансабына қатысты бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап жүргенін айтқан еді. Олардың қатарында жаттығулар, спаррингтер және жергілікті боксшылармен тәжірибе алмасу бар.
Айта кетейік, Балаусаның соңғы жекпе-жегі 7 маусымда Алматы қаласында өтті. Ол рингте Мысыр елінің өкілі Айя Рамаданмен кездесіп, кездесуді бірінші раундта нокаутпен мерзімінен бұрын аяқтады.