ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Сабыржан Аққалықов: Ендігі бағытым — әлем чемпионаты

10.07.2025, 15:46

Ең бастысы көптеген жанкүйерлердің шынайы қолдауын сезіндім.

Сабыржан Аққалықов: Ендігі бағытым — әлем чемпионаты
Бокс федерациясы

Астанада өткен  бокстан әлем кубогінің кезеңінде жерлесіміз Сабыржан Аққалықов 75 келіде топ жарып, алтыннан алқа таққан еді. Жарысты сәтті өткізген спортшы алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Өздеріңіз білетіндей, жақында ғана Астана төрінде өте жоғары деңгейде бокс мерекесі өтті. Туған жерде өнер көрсетіп, Әнұранымызды шырқатып, көк туымызды желбірету мен үшін үлкен мақтаныш әрі жауапкершілігі мол іс болды. Ең бастысы көптеген жанкүйерлердің шынайы қолдауын сезіндім. Ендігі бағытым әлем чемпионаты! Тақымдарыңызды қысып, жанкүйер болыңыздар!» - деді Сабыржан Аққалықов өзінің instagram парақшасында.

Айта кетейік, Астанада өткен байрақты бәсекеде ұлттық құрама боксшылары 8 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен жалпы командалық есепте көш бастаған. Ал 2-орында Бразилия 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленсе, үздік үштікті 3 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен үндістандық боксшылар түйіндеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам