Спортшы университетті қызыл дипломмен тәмамдаған
Әлем чемпионы, Қазақстанның үздік боксшыларының бірі Махмұд Сабырхан «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша ғылым магистрі атанды. Спортшы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін қызыл дипломмен тәмамдаған.
Бұл қуанышты жаңалығын ол өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, ұстаздарына алғыс білдірді.
«Ассалаумағалейкум! Мұхтар Әуезов атындағы университетте «Спорт менеджменті» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атандым. Білім берген барлық мұғалімдерге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін! «Білім – дүниеге жарық» дейді дана қазақ. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолымда өз пайдасын тигізеді деп сенемін», – деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2021 жылы өткен әлем чемпионатында күміс, 2023 жылы алтын медаль жеңіп алған. 2024 жылы Азия чемпионы атанып, жақында елордада өткен Әлем кубогінде де топ жарды.