ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

17.07.2025, 16:16

Бокс инвесторы Карлос Адаместен көңілі қалғанын айтты

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды
әлеуметтік желі

Әлемдік бокс индустриясының ең ықпалды тұлғаларының бірі, Сауд Арабиясының беделді инвесторы Турки әл аш-Шейх Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыруға ниет білдіргенін мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, бұл жекпе-жек Адаместің келіспеуінен жүзеге аспай қалған.

«Мен сіздерге бір шындықты айтайын. Ол (Адамес) менің уақытымды босқа өткізді және өз мүмкіндігін жіберіп алды. Мен оған өте жақсы, жомарт ұсыныс жасадым. Алайда 4–5 күн бойы мүлде жауап болмады. Бұл өте түсініксіз жағдай. Ақырында мен өз ұсынысымды кері қайтарып алдым. Бұл жекпе-жек «Чемпиондар түні» кешінің бір бөлігі болуы керек еді. Жәнібек тарапынан ешқандай қарсылық болған жоқ. Бар мәселе – Адаместе», – деді Турки әл аш-Шейх Thaboxingvoice подкастында.

Айта кетейік, бұл ақпаратты Жәнібектің өзі де растады. Ол X (бұрынғы Twitter) желісінде әл аш-Шейхтің сұхбатынан үзінді жарияланған видеоны бөліскен.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам