
Қос боксшы 20 шілде күні АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) пен Иван Дычко (14-0, 13 KO) 20 шілде күні таңертең АҚШ-та шаршы алаңға шығады.
Олар Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында өтетін бокс кешінің аясында өнер көрсетеді. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Елеусіновтің қарсыласы – филиппиндік Джеймс Бэкон (26-5, 17 KO). Ал аса ауыр салмақтағы Иван Дычко америкалық Сэмюэл Кроссдамен (11-4-1, 7 KO) қолғап түйістіреді.
Жекпе-жек қарсаңында қос боксшы да ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, қарсыластарымен дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы кездесуін өткен жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда өткізіп, филиппиндік Джо Нойнаяны (23-5-2, 11 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Ал Иван Дычко 2024 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында америкалық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 KO) нокаутпен ұтып, өзінің кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізген.