ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстанды Олимпиада алтынынан айырған былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауыспақ

Бүгін, 11:15

29 жастағы былғары қолғап шебері әзірге әуесқой бокстан кетпейтінін айтты

Қазақстанды Олимпиада алтынынан айырған былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауыспақ
championat.com

Украиналық боксшы Александр Хижняк алдағы жылы кәсіби рингте дебют жасауды жоспарлап отыр. Сөйте тұра 29 жастағы былғары қолғап шебері әзірге әуесқой бокстан кетуді де ойлап отырған жоқ.

«Қазір қалпыма келіп, толыққанды жаттығуларға қайта кірістім. Келесі жылдан бастап кәсіби рингке шығамын деп үміттенемін, бұл ретте Олимпиада шаршы алаңындағы өнерімді де қатар алып жүргім келеді. Көптеген танымал промоутердің менімен келісімшарт жасасқысы келетінін естідім, оқып та жүрмін. Қазір Александр Усиктің командасымен бірге жаттығу жасап жүрмін, алдағы уақытта бірлесіп әрекет ететін де шығармыз», - деді Хижняк LuckyPunch порталына берген сұхбатында.

Александр Хижняк - 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Соңғы Олимпиада финалында ол қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды жеңіп, алтын медальға ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам