Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қыздардан кейін жігіттер де өзбек боксшыларын финалда жеңе бастады

11.08.2025, 12:35

Енді алда тағы төрт боксшы өзбекстандық қарсыластарымен кездеседі

Қыздардан кейін жігіттер де өзбек боксшыларын финалда жеңе бастады
Instagram/@boxingkazakhstan

Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында 22 жасқа дейін Қазақстан құрамасының жігіттеріне алғашқы алтын бұйырды.

Атап айтсақ, 60 келіге дейін салмақта финалда жұдырықтасқан Нұрислам Қалдыбаев өзбекстандық Шохрух Абдумаликовтың осал тұсын тапты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандыққа берген. Негізі алғашқы раундта жерлесіміз жеңіліп жатқан. Дегенмен келесі екі раундта «камбэк» жасап, алтын медальды жұлып алды.

Енді алда тағы төрт боксшы өзбекстандық қарсыластарымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Сейдеш пен Гүлназ Бөрібаева өзбекстандық қарсыластарын жеңіп, чемпион атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам