
Калинин күміс жүлдемен шектелді.
Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар (U-19 және U-22) арасындағы Азия чемпионатында 22 жасқа дейін Қазақстан құрамасына кезекті жүлде түсті.
Бұл жолы 65 келіде ел намысын қорғаған Илья Калинин Өзбекстандағы этникалық қазақ Саят Ілиясовқа есе жіберді. Төрешілер 4:1 есебін тіркеді.
Сөйтіп Калинин күміс жүлдемен шектелді.
Бұған дейін 60 келідегі Нұрислам Қалдыбаев чемпион атанған еді. Финалда өзбекстандық Шохрух Абдумаликовтың осал тұсын тапқан.
Айта кетейік, Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық чемпионат болды.