Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды

11.08.2025, 11:55

Дина Санатбек финалда тайпейлік боксшымен күш сынасты

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азия чемпионы атанды
instagram.com/kazhenov.aslan

Боксшы Дина Санатбек Бангкокта өткен U22 Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды.

Бангкокта (Таиланд) өткен бокстан U22 Азия чемпионатында Қытай құрамасының сапында өнер көрсететін 65 келі салмақтағы қазақ қызы Дина Санатбек Азия чемпионы атанды.

Ол турнирдің іріктеу кезеңдерінде қазақстандық және өзбекстандық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Шешуші жекпе-жекте ол тайпейлік боксшымен күш сынасты.

Финалда да қарсыласына мүмкіндік бермеген Дина алтын медальды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан 22 жасқа дейінгілер арасында Бақыт Сейдіш тарихи жеңіске жетті. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Ойша Тоировадан басым түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам