ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Әр чемпионға – 300 мың доллар»: Умар Кремлев Дубайда әлем чемпионатын өткізеді

02.10.2025, 10:34

Чемпионат тарихтағы ең ауқымды жүлде қорымен есте қалмақ

«Әр чемпионға – 300 мың доллар»: Умар Кремлев Дубайда әлем чемпионатын өткізеді
© IBA

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев «Матч ТВ»-ге берген сұхбатында биылғы әлем чемпионатының 2–13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтетінін ресми растады. Жарыс Dubai Tennis Stadium аренасында ұйымдастырылады.

Турнирге әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберлері қатысып, өз салмақ дәрежелерінде әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Рекордтық жүлде қоры

Чемпионат тарихтағы ең ауқымды жүлде қорымен есте қалмақ. Жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

  • Әр салмақтағы алтын жүлде иегері – 300 мың доллар,

  • күміс жүлде иегері – 150 мың доллар,

  • қола медаль иегерлері – 75 мың доллардан,

  • бесінші орын алған боксшылар – 10 мың доллардан алады.

Қызығы, жүлденің 50%-ы спортшыға, 25%-ы оның жеке бапкеріне, тағы 25%-ы ұлттық федерациясына беріледі.

Кремлевтің мәлімдемесі

«Турнирдің датасы мен жүлде қорын ресми растаймын. Бірақ айта кету керек, бұл чемпионат тек рекордтар мен сыйақылар үшін емес. Мұндағы басты мақсат – әр боксшы, әр бапкер және әр ұлттық федерация лайықты құрмет пен әділ марапатқа ие болуы. Желтоқсанда Дубай әлемдік бокстың астанасына айналады. Мұнда спортшылар өз елінің туын көтеріп, тең жағдайда күш сынасады және өз өмірін өзгертуге мүмкіндік алады. IBA – боксшыларды қорғау, оларға жаңа мүмкіндіктер жасау және спорттың әділет пен бірлікке негізделгенін дәлелдеу үшін бар. Бұл чемпионат – бокстың жаңа деңгейге көтерілген тарихи сәті болып қалады», – деді Умар Кремлёв «Матч ТВ»-ге берген сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам