ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстан боксшылары Парижде ең болмаса бір алтын алса екен деп дұға тіледім - Баходир Жалолов

03.10.2025, 11:44

Қазақстанның чемпионы болғанын қалап едік

Қазақстан боксшылары Парижде ең болмаса бір алтын алса екен деп дұға тіледім -  Баходир Жалолов
Ашық дереккөзден

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, аса ауыр салмақтағы өзбек боксшысы Баходир Жалолов қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне әрқашан жанкүйерлік ететінін және оларды бауырындай көретінін жеткізді. Ол бұл туралы өзінің Нұрбек Оралбайға көрсеткен қолдауы жайлы айтып берді.

Жалолов Қазақстанның атақты боксшыларына, соның ішінде Геннадий Головкинді қатты қолдағанын жеткізді.

«Мен әрқашан қазақстандық боксшыларға жанкүйерлік еттім. Головкинге және басқаларын қолдап отыратынмын. Ал Нұрбек Оралбай мен үшін бауырдай болып кетті. Ол қоңырау шалып, хабарласып тұрады. Өзбекстанға қонаққа шақырамын», - дейді Баходир Жалолов.

Париждегі Олимпиада ойындарының финалында Нұрбек Оралбай украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасар алдында Жалолов оған тактикалық кеңестер бергенін жасырмады:

«Парижде үнемі ақыл-кеңесімді айтып жүрдім. Финалда да дәл солай болды. Жекпе-жекке бір автобуспен бардық. Оған Хижниякпен кездесуде ара қашықтықты ұста деп айттым. Қолыңды алға ұстап, алыстан соққы жасағанда ешкім оны жеңе алмас еді. Соны түсіндіруге тырыстым», - дейді өзбек  боксшысы.

Жалолов қазақстандық спортшыларға Олимпиадада «алтын» бұйырсын деп шын жүректен тілеп, олар үшін дұға жасағанын айтты:

«Біз қазақ бауырлармен бірге аренада қуанып, Қазақстанның чемпионы болғанын қалап едік. Кем дегенде бір «алтынды» алсын деп тіледік, соған сеніп, қолдап, дұға жасадық», – деді ол.

Еске салсақ, 2024 жылдың 8 тамызында Париж Олимпиадасының финалында қазақстандық Нұрбек Оралбай (80 кг дейінгі салмақ дәрежесі) украиналық Александр Хижняктан ұтылып, күміс медаль иегері атанды. Ал Хижняк Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам