ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақ боксшысы Мексика чемпионын нокаутқа түсірді

04.10.2025, 14:00

Армат Арманұлы мексикалық қарсыласын жеңді

Қазақ боксшысы Мексика чемпионын нокаутқа түсірді
әлеуметтік желі

Таиланд астанасы Бангкокта өткен кәсіби бокс кешінде қазақстандық Армат Арманұлы (5-1, 4 КО) сенсациялық жеңіске жетті. Ол осыған дейін жеңіліс дәмін татпаған мексикалық қарсыласы Сесар Лосано Гонсалесті (7-1-1, 6 КО) нокаутқа түсірді.

Орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Арманұлы төртінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, сегізінші раундта бұл жетістігін қайталап, жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Бұл айқас Арманұлының кәсіби мансабындағы бесінші жеңісі болды. Осылайша, ол жеңіліп көрмеген мексикалық боксшының жолын кесті. Айта кетейік, Армат Арманұлы кәсіби рингке 2024 жылдың маусымында шыққан. Алғашқы кездесуінде жеңілгенімен, кейін қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, енді өзінің бесінші айқасында қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам