ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Жәнібек Әлімханұлы Теренс Кроуфордқа «көмектесуі» мүмкін

04.10.2025, 11:33

Теренс Кроуфордпен немесе WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге тамаша мүмкіндік туындайды

Жәнібек Әлімханұлы Теренс Кроуфордқа «көмектесуі» мүмкін
Әлеуметтік желі

Boxing247.com порталының журналисі Тим Комптон орта салмақтағы шиеленіс жоғары салмақ дәрежесіндегі абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың пайдасына шешілуі мүмкін екенін атап өтті. 

Америкалық БАҚ мәліметінше, WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеулердің иегері Жәнібек Әлімханұлы осы жылдың соңында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесу өткізуі ықтимал. Осы жекпе-жектен кейін жеңімпазға әлемнің абсолютті чемпионы атағына үміткер болу үшін WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен бір ғана кездесу өткізу қалады.

«Орта салмақтағы IBF және WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері Эрисланди Ларамен кездеседі. Бұл айқастағы жеңімпазға Теренс Кроуфордпеннемесе WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге тамаша мүмкіндік туындайды. Кроуфордтың жылына бір рет қана жұдырықтасу әдетін ескерсек, оның Жәнібек пен Лара арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Адамеспен абсолютті чемпион атағы үшін кездескенін күтетін ықтималдығы жоғары. Осылайша, Кроуфорд бірден барлық төрт белбеу үшін айқасқа араласып, супер орта салмақта «Канело» Альвареспен болған кездегідей, ұзақ әрі қиын екі титулдық жекпе-жек жолынан өтуге мәжбүр болмайды», — делінген мақалада.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы кездесуін 2024 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам