Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Асланбек Шымбергенов Төрехан Сабырханның жеңісінен кейін шешімін өзгертті ме?

15.10.2025, 16:49

Өзі ел чемпионатына қатысу ниетін білдірген еді

Асланбек Шымбергенов Төрехан Сабырханның жеңісінен кейін шешімін өзгертті ме?
ФОТО: KBF

Белгілі қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов 2025 жылғы Қазақстан чемпионатына қатыспайтынын хабарлады.

Бұл туралы спорт журналисі Аян Төлеген өзінің Telegram-арнасында жазды. 

«Өкінішке қарай, түрлі себептерге байланысты әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов турнирге қатыспайды», – деп жазды Төлеген.

Бұған дейін Шымбергенов ұлттық құраманың сапына қайта қосылғысы келетінін және ел чемпионатына қатысу ниетін білдірген еді.

Бірақ оның салмағында (70 келіде) Төрехан Сабырханның әлем чемпионы атануы жағдайды өзгерткен болуы мүмкін. Өйткені алдағы әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында 70 келіде ел намысын қорғау Төрехан Сабырханға ғана жүктелуі мүмкін.

Асланбек Шымбергенов соңғы жылдары өзбек боксшыларымен жекпе-жектерінде үнемі жеңіске жетіп, жанкүйерлер арасында «Өзбек боксшыларының қорқынышы» (немесе «кошмар») деген бейресми атауға ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам