42 жастағы Эрисланди Лара – әлем чемпионы атағын ұстап тұрған ең егде жастағы боксшы
Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) жекпе-жегі тағы бір дереккөз арқылы расталды. Орта салмақтағы WBO, IBF және WBA чемпиондық белбеулері сарапқа салынатын кездесу 6 желтоқсанда Сан-Антониода өтеді.
Warriors Boxing промоутерлік компаниясының өкілі Луис Де Кубас, яғни Лара командасының мүшесі:
«Иә, келісімге қол жеткізілді. Біз Лараның бұл жекпе-жекте жеңіске жететініне нық сенеміз. Ол өз буынының ең үздік боксшыларының бірі, бірақ оған лайықты баға берілмей келеді. Бұл айқас оның шынайы шеберлігін дәлелдейтін шешуші сәт болуы мүмкін», - деді.
Қазіргі таңда 42 жастағы Эрисланди Лара – әлем чемпионы атағын ұстап тұрған ең егде жастағы боксшы. Ол соңғы төрт қарсыласын нокаутпен жеңіп, соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.
«Жас – Лараға кедергі емес. Дәл қазір физикалық бабында. Ол кәсіби мансабының басындағыдай сергек әрі ширақ. Егер Жәнібек шаршаған, егде жастағы қарсылас күтіп отыр деп ойласа, онда ол қатты қателесуі мүмкін», – деді Де Кубас.