Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Канелоны» жойқын соққысымен танғалдырған қазақ боксшысы ел чемпионатына қатысып жатыр

16.10.2025, 11:15

Ол Семейде 85 келіде бақ сынайды

«Канелоны» жойқын соққысымен танғалдырған қазақ боксшысы ел чемпионатына қатысып жатыр
ҰОК

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, үш дүркін ел чемпионы Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 КО) араға бірнеше жыл салып, Қазақстан чемпионатына қатысып жатыр.

Кезінде ұлттық құрамада 75 келіде атой салған боксшы қазір жаңа салмаққа ауысқан. Ол Семейде 85 келіде бақ сынайды.

Естеріңізде болса, Әбілхан 2017 жылы Гамбургте өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері.  Сондай-ақ Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2016, 2018, 2020) атанған.

 Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан. Жапония астанасындағы сәтсіздіктен кейін жарақатын емдеп, кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған.

Айта кетейік, Аманқұл Альварестің жеке жаттығу залында спаррингке шығып, қарсыласын бауырдан ұрған соққымен ауыр нокаутқа жібергенімен танымал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам