Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Умар Кремлев Сербияда беделді турнир өткізбек

16.10.2025, 16:27

Кремлев Белградта Сербия президенті Александр Вучичпен кездесті

Умар Кремлев Сербияда беделді турнир өткізбек
Ресей бокс федерациясы

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев пен Сербия басшысы Александр Вучич 2027 жылы Белградта өтетін ірі шараларды ұйымдастыру мәселесін талқылады.
Кездесуде тараптар ЭКСПО-2027 көрмесі мен IBA аясында әлем чемпионаты жекпе-жектерін өткізу жоспарын талқылаған.

«Белградта Сербия президенті Александр Вучичпен кездестім. Біз 2027 жылы өтетін ауқымды ЭКСПО іс-шарасын талқыладық. Осы оқиға аясында IBA PRO EXPO әлем чемпионы атағы үшін және IBA BARE KNUCKLE чемпиондық жекпе-жектерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазір Белградтағы инфрақұрылым жоғары деңгейде дайындалып жатыр. Тарихтағы ең үздік ЭКСПО мен ең тартысты IBA турнирлеріне куә боласыздар», - деп жазды Кремлёв әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, әлемдік ЭКСПО-2027 көрмесі 15 мамыр мен 15 тамыз аралығында өтеді. Оған 120-дан астам мемлекет қатысатыны жоспарланған.
Естеріңізде болса, жақында ғана IBA әуесқой бокстан әлем чемпионаты өтетінін мәлімдеді. Айтулы аламан Дубайда өтеді деп жоспарланған және жүлде қоры 8 млн доллар болады деген хабар тарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам