Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Головкин мен Кроуфорд айқасы туралы ақпарат шықты

16.10.2025, 20:46

Гроувс: Головкин Кроуфордқа нағыз сынақ болар еді

Головкин мен Кроуфорд айқасы туралы ақпарат шықты
sports.kz

Британдық бұрынғы әлем чемпионы, WBA тұжырымы бойынша суперорта салмақ иегері Джордж Гроувс қазақстандық Геннадий Головкиннің америкалық Терренс Кроуфордқа лайықты қарсылық көрсете алатынын айтты. Бұл туралы MMAnews порталы жазды.

Гроувстың пікірінше, Головкиннің рингке қайта оралуы бокстың басты оқиғасына айналуы мүмкін. Ол Кроуфордтың қазіргі әлемдік деңгейдегі абсолютті чемпион мәртебесіне қарамастан салмақ категориясын ауыстыру кезінде қиындықтарға тап болуы ықтимал екенін атап өтті.

«Мен Кроуфордқа үлкен құрметпен қараймын, бірақ оның мені жеңе алатынына сенбеймін. Ол суперорта салмақтағы ірі әрі күшті қарсыластармен күресуде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Егер ол енді рингке шықпайтын болса — өкінішті. Бірақ егер төменгі салмақтарға қайта түсуге мүмкіндігі болмаса, дәл осы жағдайда Головкин оған лайықты қарсылас бола алады. Трипл Джи оған нағыз сынақ болар еді», — деді британдық боксшы.

Айта кетсек, Геннадий Головкин соңғы рет 2023 жылы жұдырықтасқан. Қазіргі уақытта ол «заманауи боксшылар» санатында Даңқ залына номинант атанған. Boxing Scene басылымына берген соңғы сұхбатында Головкин рингке оралу мүмкіндігін жоққа шығармағанын айтып, бұл мәселедегі «құпиясын әзірге ашпайтынын» әзілмен жеткізген.

Мамандардың айтуынша, Головкин мен Кроуфорд арасындағы ықтимал жекпе-жек жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр және ол қазіргі бокс әлеміндегі ең басты оқиғалардың біріне айналуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам